«Баник Острава» - «Легия» 2:2
Кеше польшалық «Легия» ЕЛ-ның 2-іріктеу кезеңінің бірінші бәсекесінде сырт алаңда «Баник Острава» клубымен жолықты. «Ақтөбе» 180 минутта гол соға алмаған «Легия» қақпасынан чехиялықтар 12-минутта-ақ саңылау тапты. Алаң иелері ары қарай да жақсы ойнаған, алайда сәттілік жетіскен жоқ. Есеп 2:2 болып тұрған, чехиялықтар жігер танытып 90+3-те жеңісті жұлып алған еді. Алайда, төреші араласып, голды есепке алмай тастады. «Баник Остраваның» ары өтетін әлеуеті бар секілді.
«Омония» - «Торпедо» Кутаиси – 1:0
Ал «Ордабасы» екі матчта шамасы жетпеген грузиялық «Торпедо» кеше сырт алаңда кипрлік «Омониямен» кездескен. Кутаисилік футболшыларға Кипр Шымкенттің қонақжайлылығын танытқан жоқ. Алаң иелері допты өз иелігіне алып, бірінші таймның бел ортасында алға шықты. Кипрлік клубтың голын кезінде «Манчестер Сити», «Фиорентина» мен «Рома» секілді» клубтарда доп тепкен черногориялық Стефан Иоветичтің де салғанын да айта кетуіміз керек. «Торпедо» бұл бәсекеде анау айтарлықтай ештеңе көрсете алған жоқ, себебі алаң иелері қорғаныста да сауатты онйап, еш мүмкіндік бермеген. Жалпы, бұл жұпта «Омония» фавориттігін дәлелдей алды. Ары қарай да кімнің өтетінін кешегі кездесуден кейін белгілі болып қалғандай.