Шымкенттік “Ордабасы” алдағы жазғы трансферлік кезеңге дайындықты қазірден-ақ бастап кетті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Елдар Аманбаевтың мәліметі бойынша, оңтүстік ұжымы құрамды күшейту үшін Еуропалық нарықты белсенді түрде сүзіп шыққан. Клуб басшылары қазірдің өзінде екі шетелдік футболшымен құпия келіссөздер үстеліне отырды.
Алдағы жоғары мақсаттар басшылықты жазғы нарықта батыл қадамдар жасауға мәжбүрлеп отыр.
“Командада сапалы ойыншылардың жетіспеушілігі қатты сезіле бастады. Осы маусымдағы жоғары міндеттерді ескерсек, жақын арада құрамды күшейту клуб жетекшілері үшін ең басты басымдыққа айналды.” — делінген ақпаратта.
Дереккөздердің хабарлауынша, “Ордабасы” скауттары бұл жолы таңдауды Кипр (жартылай қорғаушы) мен Румыния (қорғаушы) біріншіліктеріне түсірген. Бұл лигаларда футболшылардың шеберлігі жоғары әрі клубтың қаржылық жағдайына да өте тиімді болып есептеледі.