Кирилл Кекер: «Әр команда жеңгісі келді, бірақ жағдай осылай болды»

27.06.2022, 21:04
Кекердің басшылығымен алматылық клуб екі матчта да жеңілмеді.
Кирилл Кекер: «Әр команда жеңгісі келді, бірақ жағдай осылай болды»

«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан чемпионатының 15-ші турында «Таразбен» болған ойын жайлы пікірімен бөлісті:

- Ең алдымен команданы қолдау үшін Алматыдан келген жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Жергілікті жанкүйерлерді де ерекше атап өткім келеді. Бүгін трибунада керемет атмосфера болды, мұнда ойнау өте жағымды әсер сыйлады. Нәтижесінде матч тең есеппен аяқталды. Әр команда жеңгісі келді, бірақ жағдай осылай болды.

Әрбір бапкер жеңіске жетуді қалайды, ал біз «Таразға» үш ұпай алу үшін барғандықтан, нәтижеге көңіліміз толмайды. Шынымен де жеңіске жетуді қалаймыз және менталитетіміз болмашы нәрсе үшін күресуге мүмкіндік бермейді. Турнирлік кестедегі жағдаймен келіспейміз және әр турда бұл жағдайды түзету үшін бәрін жасаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×