Кирилл Кекер: «Бірінші ойын бізге көп ақпарат берді»

12.08.2021, 16:06
Жарақат алған ойыншылардың барлығы дерлік қатарға қосылды.
Кирилл Кекер: «Бірінші ойын бізге көп ақпарат берді»

«Қайрат» ФК бас бапкері Кирилл Кекер матч алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде жергілікті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді:

- Қонақжайлығы керемет жерге келгенімізге қуаныштымыз. Бірінші ойын бізге көп ақпарат берді. Біз жоспарлағанның бәрін жүзеге асыра алмадық. Бұл матч алдында біз бірнеше ойыншыны қатарға қостық, менің ойымша, бүгін біз әлдеқайда мықты боламыз.

- Сіздің жетекші ойыншыларыңыздың формасы қандай, оның ішінде Камо Оганесян? Ертеңгі ойын алдында жарақат алған ойыншылар бар ма?

- Барлық ойыншылардың жағдайы жақсы, барлығы матчқа қатысуға дайын. Камо - Армения құрамасының ойыншысы, менің ойымша, ол ертең осы стадионда қуана-қуана ойнайды. Біз одан да, басқа ойыншылардан да жақсы ойын күтеміз. Бірінші ойынмен салыстырғанда бізде көп өзгерістер болды.

- Алғашқы ойында Рикардо Алвеш шығып, Маки Баньяк пен Жоао Пауло алаңға шықпады. Олар қазір қандай жағдайда?

- Маки мен Жоао жарақат алды. Өкінішке орай, қазіргі уақытта Жоао әлі қалпына келмеді. Ракардо сияқты Маки де бізбен бірге келді. Олар ертеңгі ойынға қатыса алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×