Кирилл Кекер: «Біз үшін жас ойыншыларды біріктіру өте маңызды»

25.07.2022, 14:33
Кекер мырза кеше «Қайрат Жастар» командасының ойыншыларына да мүмкіндік берді.
Кирилл Кекер: «Біз үшін жас ойыншыларды біріктіру өте маңызды»

«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан кубогінің 3-ші турында «Ақсумен» болған ойынды (3:2) қорытындылады:

– Ең алдымен баршаңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Біз топтан шығу үшін тағы бір қадам жасадық, бұл өте маңызды. Бүгін Еркебұлан Сейдахмет, Вадим Ульянов және Гүлжігіт Алықұловты қоспағанда, толықтай біздің академияның тәрбиеленушілері ойнады, мұны біз мақтан тұтамыз. Жас жігіттер үшін негізгі құрамда ойнап, мықты командаларға қарсы өтетін жоғары деңгейдегі футболды сезіну өте маңызды.

Мен біздің клубтың барлық жас ойыншыларын жақсы білемін, өйткені мен де осы академиядан шыққанмын, оның үстіне «Қайрат-Жастар» клубының бапкерлер құрамымен тығыз жұмыс істеп, пікір алмасамыз. Кешегі матчқа қарамастан нәтижені құрбан етіп, бізге көп ойыншыларын бергені үшін оларға мың алғыс.

Артур, Вячеслав және Гүлжігіт үшін гол соғу өте маңызды болды, мен олардың «Ақсуға» қарсы ойында көзге түскеніне қуаныштымын. Бұл ойыншылардың сенімділігі мен одан әрі дамуы үшін қажет.

Бүгін біз «Кишвардаға» қарсы ойын алдында негізгі құрамның ойыншыларына үзіліс бердік, олар жауапты матчқа сергек болып барады. Өткен жылы менің жетекшілігіммен академияның бес түлегі еурокубокте дебют жасады, биыл да сол жағдай қайталанды. Сондай-ақ өткен маусымда чемпионатта 12-ге жуық адам дебют жасады. Біз үшін жас ойыншыларды біріктіру өте маңызды және біз мұны жалғастыра береміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×