Кирилл Кекер: «Бұл оңай болған жоқ, бірақ біз оң нәтижеге қол жеткіздік»

Алматылық клуб сербиялық клубтың 48 матчқа созылған жеңіліссіз сериясына нүкте қойды.

Кирилл Кекер: «Бұл оңай болған жоқ, бірақ біз оң нәтижеге қол жеткіздік»

"Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында "Црвена Звездаға" қарсы өткен алғашқы матч (2:1) туралы пікір білдірді:

- Мен барлық "Қайрат" командасының ойыншылары мен жанкүйерлерін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оңай болған жоқ, бірақ біз оң нәтижеге қол жеткіздік. Матч шытырман оқиғаларға толы болды, мұндай ойындардың жанкүйерлерге ұнары анық. Алда бізді тағы бір матч күтіп тұр, бірақ бұл жолы кубоктік ойын, содан кейін біз бар назарымызды "Црвена Звездамен" болатын қарымта матчқа аударуымыз керек.

Бүгін стадионға келген барлық жанкүйерлерге үлкен рахмет! Сіздер керемет футбол атмосферасын құрдыңыздар!

0 пікір