«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Кишвардамен» болатын матч жайлы пікірімен бөлісті:
- Еурокубок бәсекесі әрқашан футбол мерекесі болып саналады. Бізді қызықты матч күтіп тұр. Біз жаттықтырушылар штабымен және командамен бірге қарсыласты сараптадық, соның арқасында «Кишварданың» күшті және осал тұстарын біліп алдық.
Еурокубоктегі тәжірибенің артықшылығына келетін болсақ, ол уақыт өте келе жинақталатын нәрсе. Өткен жылмен салыстырғанда біздің құрам қатты өзгерді. Сондықтан бұл жағынан артықшылығымыз жоқ деп ойлаймын. Бізде команданы қалай дұрыс құру және дайындау туралы түсінік бар. Бұл жерде ұйымдастырушылық мәселелердегі тәжірибе маңыздырақ болуы мүмкін.
Жастар мен тәжірибе біздің команданың құрамдас бөлігі. Матч алдында толқулар болуы мүмкін, бірақ бұл қалыпты жұмыс процесі. Мен командамыздағы барлық ойыншыларға, әсіресе жастарға сенемін. Оларға қолдау қажет.
Мен ешбір команданы бүгінгі текетірестің фавориті деп санамаймын. Мүмкіндік әрқашан 50/50.
Біз үшін жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды. Мен команданы қолдайтын және алға жетелейтін жанкүйерлердің стадионда көп болғанын қатты қалаймын.
Біздің серіктес: FONBET