Кирилл Кекер: «Қазақстан Кубогі мен Еуропа Лигасындағы жағдайымызды қиындатып алдық»

06.08.2021, 15:44
Алматылық клуб кадрлық мәселелерге тап болды.
Кирилл Кекер: «Қазақстан Кубогі мен Еуропа Лигасындағы жағдайымызды қиындатып алдық»

"Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Алашкертке" қарсы өткен матчқа (0:0) қатысты пікір білдірді:

- Біз ең жақсы матчты өткізе алмадық. Ойынның басында бізде есепте алға шығу үшін мүмкіндіктер жеткілікті болды. Әрине, бізде де, қарсыласта да гол соғатын жақсы мүмкіндіктер болды. Осы тұрғыдан алғанда, тең ойын әділ және заңды нәтиже болып табылады.

- Жарақат алған ойыншылардың жағдайы қалай? Небойша Косович, Хосе Канте, Маки Баньяк және Дино Миканович командаға қашан қосылады?

- Бізге қазір осы ойыншылар жетіспеуде. Қосалқы құрамда өзін-өзі көрсетуге мүмкіндігі бар көптеген жас ойыншылар отыр. Өкінішке орай, біз қиын жағдайға тап болдық және жақын арада бәрі ойдағыдай болады және ойыншылар қатарға қосылады деп үміттенеміз.

- Қазақстан Кубогі мен Ереванда өтетін матчтар туралы қандай пікір білдіресіз?

- Біріншіден, бүгінгі ойын туралы дұрыс қорытынды жасау керек. Біз Қазақстан Кубогі мен Еуропа Лигасындағы жағдайымызды біраз қиындатып алдық. Біз енді сенімді түрде әрекет етуіміз керек. Бізді қиын жағдайда қолдаған жанкүйерлерге сенеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×