Кирилл Кекер: «Құрбан Бердыевпен күн сайын сөйлесіп, пікір алмасамын»

24.06.2021, 21:19
Құрбан мырза алматылық клубқа көп көмегін тигізуде.
Кирилл Кекер: «Құрбан Бердыевпен күн сайын сөйлесіп, пікір алмасамын»

«Қайрат» бас бапкерінің міндетін атқарушы Кирилл Кекер «Каспийге» қарсы өткен ойын (5:1) туралы пікір білдірді:

- Кирилл Сергейұлы, жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын! Үлкен жеңіс жайлы қандай пікірдесіз?

- Үлкен рахмет! Біз жанкүйерлермен ойнағанымызға қуаныштымыз. Өкінішке орай, матчтарға дайындалуға аз уақыт беріледі, бірақ біз жоспарлаған дүниені ойыншылар орындауға тырысты. Бұл олардың жеңісі, олар көп нәрсеге қол жеткізді. Әр матч біз үшін маңызды.

- Соңғы кездесулерде команда жаңадан құрылғандай болып көрінеді және үлкен ықыласпен ойнайды. Ойыншылар өздерінің ойын формаларының шыңына жетіп отыр деп айта аламыз ба?

- Біз өз формамыздың шыңында боламыз ба, жоқ па - еурокубок матчтары көрсетеді. Біз ойыншылардың үлкен ықыласпен ойнайтынын көреміз, бұл керемет. Қазіргі кезде біздің мотивациямыз - тұрақтылық. Ал қазір турнирлік кестедегі позициямыз бізге сәйкес келмейді.

- Біз Құрбан Бекиұлының ойын барысында белгілі бір эпизодтарды түртіп алып отыратынын байқадық, оның командадағы рөлі туралы айта кетсеңіз, ол сізге көмектеседі ме, ойымен бөліседі ме?

- Құрбан Бекиұлының рөлі белгілі - ол президенттің спорт мәселелері жөніндегі кеңесшісі. Мен күн сайын Құрбан Бекиұлымен сөйлесу мүмкіндігіне ие болғаным үшін клубқа ризамын. Бұл мен үшін баға жетпес тәжірибе. Әрине, біз өзара тығыз байланыс жасаймыз, жаттығулар мен матчтарды талқылап, пікір алмасамыз. Біз ойынымыздың сапасын жақсартқымыз келеді, ойыншыларды дамытып, тәрбиелегіміз келеді, ол үшін барлығымыз аянбай еңбек етуіміз керек. Алда турнирлік кесте тұрғысынан алып қарағанда «Тобылға» қарсы маңызды матч бар, біз жақсылап дайындалуымыз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×