Кирилл Кекер: Шымкенттіктердің жеңісті сериясына нүкте қойғанымызға қуаныштымыз

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
01.04.2024, 14:29

Алматының "Қайратын" жаттықтыратын Кирилл Кекер "Ордабасыға" қарсы сырт алаңда өткен матч туралы (1:2) ойын ортаға салды. 

Кирилл Кекер: Шымкенттіктердің жеңісті сериясына нүкте қойғанымызға қуаныштымыз

"Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бұл бірінші кезекте психологиялық тұрғыда маңызды матч болатын. Кез-келген ойынға 3 ұпай берілетіні түсінікті ғой. Біз үшін бүгін жеңіске жету ерекше қажет еді. Себебі, жоғары нәтижеден дәмелі, жүлдеге таласатын команда сырт алаңда да басым болуды үйренуі тиіс. Осындай сырттағы ойында ел чемпионын ұтқанымыз өте маңызды. "Ордабасы" біраз уақыт бойы өз алаңында жеңілістің ащы дәмін татып келмей келген сияқты. Шымкенттіктердің жеңісті сериясына нүкте қойғанымызға қуаныштымыз", деді К.Кекер.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің үшінші турында Алматының "Қайраты" сырт алаңда "Ордабасыны" 1:2 есебімен ұтып, 3 ұпай алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×