«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер «Ақжайықпен» болған ойынды (2:0) қорытындылады.
- Кирилл Сергеевич, бұрыштама добынан гол соғу Сіз дайындаған дүние ме?
- Әр ойын алдында біз барлық эпизодтарды талдаймыз. Қарсыластың кемшіліктері мен өзіміздің артықшылығымызды пайдалануға тырысамыз. Біз Кантенің дәл осы нүктеге жүгіргенін қаладық.
– Данияр Үсеновтің ойынына баға берсеңіз және Әділет Садыбековтің алаңға шыққанын ескерсек, енді жастарға үнемі сенім артасыз ба?
- Біз алаң ортасында әр ойыншыны пайдаланып көргіміз келеді. Біз сегіздіктің шабуылға көбірек араласқанын қалаймыз. Мен Үсеновке сенемін, ол бұдан да жақсы ойнай алады. Садыбеков «Қайрат-Мәскеуде» өнер көрсетті, өзінің интеллектісі мен техникасына қарай әртүрлі позицияларда, соның ішінде қорғаныста да ойнай алады. Сондықтан біз әртүрлі комбинацияларды қолданамыз.
– Сіздің басшылығыңызбен өткен үш матчтан кейін ойын сапасы мен нәтижеге қаншалықты көңіліңіз толады?
- Бізге тоғыз ұпай жинау керек еді, біз жеті ұпайды қоржынға салдық, сондықтан бұған көңіліміз толмайды. Ойынның сапасын жақсарту үшін бізге уақыт керек, біз 90 минуттың бәрін ойнауға әлі дайын емеспіз. Әлі бәрі ойдағыдай емес, біз ойынды басқарып, көбірек мүмкіндіктер жасағымыз келеді.
– Енді чемпионатта үзіліс болады. Бұл үзіліс Сіздің командаңызға пайдалы деп ойлайсыз ба, өйткені кубок ойындарында көбірек тәжірибе жасауға болады?
- Үш турнирде де алдымызға қойылған міндет бар. Біз үшін Қазақстан кубогі маңызды. Чемпионаттағы үзіліс те маңызды, өйткені тамызда біз ҚПЛ-ға күштірек болып ораламыз. Шілдеде матчтар көп болғандықтан, құрамда ротация болады.
– Осындай тығыз кестеге байланысты жаңа ойыншылар аласыз ба?
– Бұл қиын сұрақ. Мүмкін тағы бір-екі ойыншы келетін шығар. Бірақ олардың қайдан келетіні белгісіз. Сырттан немесе «Қайрат-Жастардан» алатын шығармыз.
Біздің серіктес: FONBET