Кирилл Петров: «Жасанды төсеніш «Шахтерден» жеңілуге себеп бола алмайды»

10.08.2021, 21:19
Қарсылас бұған дейін мүлдем жасанды төсеніште ойнамаған көрінеді.
Кирилл Петров: «Жасанды төсеніш «Шахтерден» жеңілуге себеп бола алмайды»

Украиналық «Колос» қорғаушысы Кирилл Петров Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Қарағандылық «Шахтерға» қарсы өтетін қарымта ойын туралы пікір білдірді.

«Жасанды төсеніш? Әрине, бастапқыда бұл ерекше болады. Дайындық кезінде сіз өзіңізді сынап көруіңіз керек. Мұндай алаңда мүлдем басқа бұлшықеттер тобы жұмыс істейді, бірақ жасанды төсеніш Конференция лигасында ​«Шахтерден» жеңілуге себеп бола алмайды.

Ұзақ ұшу? Бапкер бізді шаршатпауға тырысты, ол матчқа біздің сергек болып шыққанымызды қалайды.

Қонақтағы голдың маңызы жойылды ма? Менің ойымша, бұл дұрыс шешім. Әділ ережелер қалыптасты, ойын әділ, матчтар қызықты, тең ойындар мен пенальти сериялары көп болады, бұл көрермендер үшін қызық», - деді Петров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×