Испанияның Natural de Villajoyosa қалашығының атының айдай әлемге әйгілі болуына кім себепкер болғанын білесіз бе? «Villa Alere» деп аталатын, бар болғаны 30 мың ғана тұрғыны бар осы шағын қалашықтан шыққан алғашқы танымал футбошы да сол болса керек. Ол – Хесе Родригес Руис ! Хесе Родригес Испанияда ең кең таралған қарапайым есімдердің бірі. Алайда Руис әулет аты қосылған Хесе әсте қатардағы қарапайым адам емес.
Родригес Хесе 1993 жылдың 26 шы ақпанында дүниеге келген. «Реал Мадридқа» Ол «Уракан» футбол клубынан ауысып келді. Сол кезде ол 14 жаста ғана болатын. Ауылдан алыста жүру алғашқыда бозбалаға оңай тиген жоқ. Ол бірде, қиналған сәттерінде Австрия жазушысы Франц Кафканың «бастаған екенсің шегінуге жол іздеме, бұл сенің қолыңнан келеді.»- деген сөзін серік еткенін айтқан екен..
Бәзбіреулер оны тәлейін жолдас етуші ретінде танйды. Оның жолы болғыш екені рас. Бірақ, бұданда маңыздысы, ол сөз жоқ талантты футбошы. Ол тек толымды шабуылшы ғана емес, ойныды танып, бақылауға алудың да хас шебері. Орталық шабуылшы мен қапталдағы шабуылшының қызметін қатар атқара алады. Допқа иелік ету мүмкіндігіне де жоғары баға беруге болады. Оның бұрынғы бір жаттықтырушысы: «Ол алаңды бақылауына алумен қатар ойын барысындағы өзгерісті де тани біледі. Осылайша, ойын мәнерін өз пайдасына жарата алады.»- деп баға берген болатын.
Ол «Реал Мадридтің» екінші командасы «Кастилья» сапында өсіп-жеілді. Сол кездің өзінде ол талай жанарды өзіне жалт қаратты. Тіпті 2010 жылы Мадридқа «мсық тілеу» көзғараспен қарайтын «Барселонаның» өзі Хесеге құда түскісі келгені жайлы естігеніміз бар. 2011 жылы 17 маусымда «Лос-Анджелес Гэлакси» командасына қарсы жолдастық кездесуде «Реал» сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Осыдан сәл кейін, 6 қарашада, «Аякспен» болған ойында алаңға шығып, «Реал мадрид» тарихындағы ресми кездесуге қатысқан ең жас ойыншы атанды. Ал оның алғашқы голын 2013 жылы 26 қазанда «Барселона» қақпасынан көрдік.
2009 жылдан бері әр жастағы Испания ұлттық құрамаларында өнер көрсетіп келеді. Соның қайсысында болмасын мергендігімен көзге түсе білді. 2012 жылы Испания U19 ( 19 жасқа дейінгі) құрамасымен бірге Эстонияда өткен Еуропа чемпионатын бағындырды. Сонымен қатар чемпионаттың үздік мергені және өздік ойыншысы атақтарын бірдей иемденді.
Испаниа U16 ойын-3 , гол-1
Испания U17 ойын-7 , гол-1
Испания U18 ойын-2 , гол-1
Испания U19 ойын-11 , гол-6
Испания U20 ойын-8 , гол-5
Испания U21 ойын-4 , гол-2
«Реал Мадрид» үшін биылғы жарыс маусымы енді қызды. Испания ішкі біріншілігінде үш мықты қатарласа жарысып келеді, үшеуінің де чемпион атануға мүмкіндігі зор. Испания кубгы жартылай финалының алғашқы ойынында «Атлетиконы» 3:0 есебімен жеңіп, финалға бір табан жақын қалды. Бұнымен қоса, олар чемпиондар лигасында да басты үміткерлер қатарында. Осы міндеттерді орындау жолында, Анчелотти сарбаздарының қатарында Хесенің алар орыны да ерекше. Соңғы кездері сәтті ойындарымен көзге түсіп, Бэйлдің бар-жоғын білдірмей жүрген жас перінің италиялық маманның шахмат тақтасындағы маңызды жүрістерінің біріне айналары сөзсіз.
Биыл ғана емес, бұдан кейінде оған артылар сенім мен үміт жүгі жеңілдей қоймайды. «Реалдың» «кіші Криштиануы» атанған жас талантың алдағы уақыттарда Роналду мен Мессидің жетістігін қайталап, «Королдық клуппен» Испания ұлттық құрамасының көшбасшысы атануы уақыттың ғана еншісінде тұрған іс деп сенеміз...
толық аты: Хесе Родригес Руис
Азаматтығы: Испания
Туылған уақыты: 1993/02/26
Бойы: 178 CM
Салмағы: 72 KG
алаңдағы орыны: шабуылшы
клубы: Реал Мадрид
клуб
|
маусым
|
лига
|
кубк
|
ЧЛ
|
жалпы
|
ойын
|
гол
|
Сәтті пас
|
ойын
|
гол
|
Сәтті пас |
ойын
|
гол
|
Сәтті пас
|
ойын
|
гол
|
Сәтті пас
|
Реал Мадрид-B-«кастилья»
|
2010–11
|
3
|
0
|
1
|
—
|
—
|
3
|
0
|
1
|
2011–12
|
39
|
10
|
6
|
3
|
2
|
0
|
—
|
42
|
12
|
6
|
2012–13
|
38
|
22
|
12
|
—
|
—
|
38
|
22
|
12
|
жалпы
|
80
|
32
|
19
|
3
|
2
|
0
|
—
|
83
|
34
|
19
|
Реал Мадрид
|
2011–12
|
1
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
2
|
0
|
0
|
2013–14
|
13
|
3
|
3
|
7
|
3
|
2
|
3
|
0
|
0
|
23
|
6
|
5
|
жалпы
|
14
|
3
|
3
|
8
|
3
|
2
|
3
|
0
|
0
|
25
|
6
|
5
|
барлығы
|
94
|
35
|
22
|
11
|
5
|
2
|
3
|
0
|
0
|
108
|
40
|
24
|
Қуанышхан ӨМІРХАН