Жарақаттан соң жасыл алаңға қайта оралып, Қазақстан Суперкубогы аясындағы "Тобылға" қарсы кездесуге қатысқан Дастан Сәтпаевтың өнеріне Еуропалық сарапшылар баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Танымал The Stat Guy дереккөзі Қазақстандық шабуылшының әлеуетін жоғары бағалап, оны аңызға айналған Серхио Агуэромен теңестірді.
"Болашақта "Челси” сапынан көрінуі мүмкін жас талант жарақатынан айығып, қатарға қосылды. Дастан — оң қанаттағы шабуылшы әрі сол қанаттағы вингер позициясын тең ұстайтын әмбебап ойыншы.” — деп жазды парақша.
Сарапшылар Сәтпаевтың ойынына талдау жасай отырып, оның өткен маусымдағы феноменалды көрсеткіштерін алға тартты.
“Кішкентай Агуеро 2025 жылы гол+пас жүйесі бойынша 20 ұпай жинаған. Пастардың орындалу дәлдігі 84,6%-ды құрайды."
Айта кетсек, өзінің ширақ қимылы мен гол сезу түйсігі үшін Еуропада оны "Кішкентай Агуэро” деп атауда.