
Sports.ru сайты Әли Әлиев пен ұлттық команданың бұрынғы бапкері Станислав Черчесовтың нәтижелерін салыстырған болатын. Порталдың белсенді оқырмандары бұл салыстыруға біраз ой-пікірлерін жазған еді.
«Қазақстан Черчесов кеткелі 4 ойында 2 рет жеңіске жетті - Лихтенштейн мен Кюрасаодан басым түскен. Ал ресейлік бапкермен 6 ойында бір тең ойнаған», - делінген Sports.ru порталының материалында. Бұл мақалаға оқырмандар тарапынан көптеген жазбалар келіп түскен еді:
«Әділеттілік үшін мойындайықшы, Норвегия, Словения мен Аустрия құрамалары Кюрасао не Лихтенштейн емес қой. Черчесовтың кезінде бұл ойындардың ешқайсысында қазақтар фаворит саналған жоқ, анық аутсайдер болған. Десе де, норвегиялықтармен ұпай бөлісті. Ал Кюрасао мен Лихтенштейнді қазақтар Черчесовпен-ақ ұтып кетер еді. Мен мүлде Черчесовтың жақтасы емеспін, бірақ мына жаңалық...»
«Кюрасао мен Лихтенштейнді Черчесовте ұтатын еді ғой. Бұған қоса Солтүстік Кореядан да басым түсуі мүмкін еді.
«Әрине, сұмдық қарсыластар екен, тіпті Гренада мен Замбия секілді».
«Черчесовтың қарсыластары да әлдеқайда мықты болған».
Айта кетейік, Станислав Черчесов былтыр жазда Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Қазақстандық футболшылар ресейлік маманның жаттықтыруымен Ұлттар Лигасында В Лигасының үшінші тобында Норвегия, Аустрия мен Словениядан кейін соңғы орын алды. Биыл жыл басында ҚФФ ресейлік бапкермен келісімшартты үзді.
Біздің серіктес: FONBET