Клеверли аяғын сындырып алды

14.09.2011, 04:46
Клеверли аяғын сындырып алды
«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Том Клеверли ауыр жарақат салдарынан ұзақ уақытқа дейін футбол ойнамауы мүмкін. Ол премьер лиганың 4-інші турында «Болтонға» қарсы ойнап жүріп аяғын жарақаттап алған болатын. Турасын айтсақ, Кевин Дэвис оның аяғына тіке шабуыл жасап, соның салдарынан Клеверли ойынды жалғастыра алмайтын болып, «аяғы сынған» деген диагнозбен бірден ауруханаға жіберілген болатын. «Аяғының сынғаны анықталды. Томды жоғалту, әрине, біз үшін үлкен өкініш» дейді Алекс Фергюссон.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×