Клопп кімге бұйырады …

31.03.2025, 21:30

Әлемдік деңгейдегі бірнеше ақпарат көздері «Реал Мадрид» клубының қазіргі бас бапкері Карло Анчелоттидің маусым соңында қызметінен кетуі мүмкін екенін және оның орнына Юрген Клопптың кандидатурасы қарастырылып жатқанын хабарлады.

Клопп кімге бұйырады …
Юрген Клопп

«Ливерпуль» клубының бұрынғы бас бапкері, Юрген Клопп, қазіргі уақытта «Ред Булл» футбол бөлімінің жаһандық жетекшісі /Head of Global Soccer/ қызметін атқаруда. Ол бұл лауазымға 2025 жылдың 01 қаңтарында кірісген еді.

Клопптың жаңа қызметіне қарамастан, оның есімі бірнеше ұлттық құрамалар мен клубтарда айтылып жатыр. Мысалы, 2024 жылдың шілде айында "АҚШ" құрамасы оны бас бапкерлікке шақырды деген ақпарат тарады. Сондай-ақ, 2024 жылдың қараша айында Мадридтік «Атлетико» клубының басшылығы Диего Симеоненің орнына Клоппты тағайындауды жоспарлап отырғаны туралы хабарланған. Ал енді ол “Реал Мадридді” немесе кеше ғана бас бапкерін жұмысдан босатқан “Бразилия” құрамасының тізгінін ұстайды деген сыбыс шықты.

Қазақстандық контексте, 2024 жылдың желтоқсан айында белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев Клоппты Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне шақыруды ұсынған еді.

Алайда, қазіргі уақытта Клопптың «Ред Булл» футбол бөліміндегі міндеттеріне толықтай назар аударып отырғаны байқалады. Оның басқа командаларды немесе ұлттық құрамаларды баптайтын ойы әзірге жоқ сияқты.

                                             Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×