Клопп «Ливерпульге» қалай келді?

Оның пікірінше, «қызыл сойқандарды» жаттықтыру өзі үшін дұрыс емес қадам болар еді.
Клопп «Ливерпульге» қалай келді?

Юрген Клопп соңғы 30 жыл ішінде "қызылдардың" қатысуымен алғашқы чемпионатты жеңіп алып, "Ливерпуль" клубының тарихына енді. Бірақ «Мерсисайдтықтардың» бас бапкері қызметіне келгенге дейін Клоппқа алдымен «Манчестер Юнайтед», кейіннен Лондонның «Арсеналы» белсенді қызығушылық танытқан екен. Алайда, оның "Ливерпульдің" американдық иелерімен жеке кездесуі және әйелімен жиі сөйлесуі Клоппты «Ливерпульды» таңдауға көндірді.

Юргеннің «Манчестер Юнайтедке» келуіне оның әйелі кедергі болған, ал «Арсенал» ешқашан келіссөздерді бастамаған

2013 жылы «Қызыл сойқандар» сэр Алекс Фергюсонның ізбасары бола алатын бапкер іздей бастады. «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкеріне үміткерлердің бірі Юрген Клопп болды. Юргеннің өзі Манчестер клубының қызығушылығы туралы өзінің "Klopp: Bring the noice" атты кітабында жазды. Тіпті "Манчестер Юнайтедтің" бас директоры Эд Вудворд Дортмундқа Клопппен келіссөз жүргізу үшін ұшып барған екен.

"Олд Траффордқа" көшу сол күйі жүзеге аспады. Кейбіреулері Клопптің өзі одан бас тартты десе, басқалары - Юргеннің Манчестерге баруын оның әйелі Улла Сандрок тоқтатты деп айтады.


"Мен Клопптан сұхбат алған едім, ол «Манчестер Юнайтедті» жаттықтыра алатындығын айтты. Бірақ оның әйелі бұл дұрыс таңдау емес деді. «Ливерпульді» таңдау мүмкіндігі пайда болған кезде, ол бұл дұрыс таңдау деді. Біртүрлі нәрсе. Ол мұны «Ливерпуль» үшін әдейі жасағандай көрінеді", - деді "Ливерпульдің" бұрынғы футболшысы Фил Томпсон норвегиялық TV2 телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, «Ливерпуль» 2015 жылдың сәуірінде Юргенге ұсыныс тастағанға дейін оған Лондонның «Арсеналы» қызығушылық таныта бастаған. Содан кейін Клопп «Боруссия Дортмундтың» бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді.

«Мәселе менің шаршағанымда емес. Мен басқа клубтың ұсынысын қабылдадым. Мен жаңа команда таппадым, бірақ бір жылдық үзіліс жасауды жоспарламаймын. Мен әрқашан осы ерекше клуб үшін идеалды жаттықтырушы емес екенімді түсінген сәтте демалысқа шығатынымды айтқан едім. Дұрыс шешім қабылдағаныма сенімдімін. Бұл клубты ең мықты маман жаттықтыруы керек. Мен дәл қазір клубтан кететінімді жариялауды шештім, өйткені соңғы жылдары бірнеше ойыншыларды - Марио Гетце мен Роберт Левандовскиді сату туралы шешімдер тым кеш қабылданды, ал клуб бұл жағдайды қабылдауға дайын болмады», - деді Клопп арнайы баспасөзге берген сұхбатында.

20 сәуірде Германияның жетекші "Kicker" спорт журналы Юрген Клопп «Арсенал» клубының бас бапкеріне негізгі үміткер екенін жазды. Сонымен бірге, Арсен Венгердің Лондондық клубтан кетпейтіні, бірақ клубта басқа қызметке тағайындалатыны жайлы да айтылды.

Сонымен бірге Daily Mail газетінде "Арсеналдың" жанкүйері әрі журналист Пирс Морганның Клопптың Лондондық клубқа келуін талап еткен жазбасы жарияланды. Алайда ол ешқашан келіссөздер жасаған жоқ. Бірнеше айдың ішінде "Ливерпуль" Клоппқа көбірек қызығушылық таныта бастады.

Клопп "Ливерпульге" қалай келді?

2015 жылдың жазында Юрген Бундеслиганы жетінші орынмен аяқтап, "Боруссиядан" кетті. Клопп Германия кубогының финалында «Вольфсбургтан» (1:3) ұтылғанына қарамастан, клуб жанкүйерлері онымен қоштасқысы келмеді.

Қыркүйекте «Ливерпульдің» американдық иелері Джон Генри мен Том Вернер Клоппен байланысқа түсті. Олар Брендан Роджерстің бас жаттықтырушы ретіндегі уақыты аяғына жеткенін, командаға жаңа бапкер қажет екенін түсінді.

Нью-Йоркте Юрген Клопп пен "Ливерпульдің" американдық иелері арасында жеке кездесу ұйымдастырылды, сол кезде Клопп "Ливерпульдің" болашақ бас бапкері болатыны белгілі болды. 2015 жылдың 8 қазанында "қызылдардың" ресми сайты неміс маманымен келісімшартқа отырғанын хабарлады.


Алғашқы баспасөз мәслихатында Клопп клуб пен оның жанкүйерлеріне "аптасына 7 күн, 24 сағат" "Ливерпульдың" адамы боламын деген сөздер айтты. Жаттықтырушы клубтың және Энфилд стадионының үлкен тарихын атап өтті, сонымен бірге төрт жылда кем дегенде бір кубокты жеңіп алуға уәде берді.

«Ливерпульдің» қожайындары менімен бірінші сөйлескен кезде, менде керемет сезім болды. Олар керемет адамдар. Мен оларға: бізге уақыт беріңіз және сабырлы болыңыз дедім. Бұл уақыт 20 жылға созылады деп айтпаймын, бірақ 4 жылдан кейін мен кем дегенде бір титулды жеңіп аламын деп үміттенемін. Мен мұнда аңыз болу туралы ойламаймын», - деді Клопп бас бапкер болып тағайындалған кезде.

Юрген уәдесінде тұрды. Төрт жылдан кейін "Мерсисайдтықтар" Чемпиондар лигасының алтыншы кубогын жеңіп алды, ал биыл - 30 жылдан кейінгі алғашқы Англия чемпионы атанды. Демек, Клопп "Ливерпульдің" нағыз аңызына айналған сияқты.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×