
Клопптың бұрынғы командаласы әрі досы, Мираслав Танга неміс жаттықтырушысының қалауы туралы айтты.
Қазіргі уақытта “Войводина” клубының жаттықтырушысы Танга Клопп туралы: “Клопп Серия А немесе Францияға барғысы келмейді, әрі ол “Ливерпульден” басқа ағылшын клубын жаттықтырмайды”.
Және ол Клопптың оған “Ливерпульден” кеткен кезде екі арманы болғанын айтқанын мәлімдеді: “Клопп маған Ливерпульден кеткен кезде екі арманы барын айтты: бірі – Германия құрамасын басқару, екіншісі – “Реал” Мадридті жаттықтыру. Ол қазір “Реал” Мадридтің бас бапкері болуға үміткер, бірақ қазір бұл тек қауесет. Немесе ол бір күні Германияның ұлттық құрамасының бапкері болады” деді ол.
Біздің серіктес: FONBET