Клопптың «Ливерпульде» қанша уақыты қалды?

13.07.2020, 16:22
«Ливерпуль» жанкүйерлерінің Клопптың ойынын көруге төрт жыл уақыты бар.
Клопптың «Ливерпульде» қанша уақыты қалды?

«Ливерпуль» бас бапкері Юрген Клопп өзінің болашаққа жоспарлары туралы айтты.

«Мансабымның соңында сөзсіз Германияға ораламын. "Майнцқа" баруым мүмкін. Жақын болашаққа жоспарыңыз бар ма? "Ливерпульде" төрт жыл боламын. Содан кейін бір жыл бойы ештеңе жасамаймын. Мен қалағанымды істеймін. Мүмкін, қандай да бір клубты, мүмкін ұлттық құраманы жаттықтыратын шығармын, немесе мүлдем істемейтін шығармын. Бірақ бес жылдан кейін әлем түбегейлі өзгеруі мүмкін», - дейді Клопп.

Клопп "Ливерпульді" 2015 жылдан бастап жаттықтырып келеді. Осы уақыт ішінде ол командамен бір рет Англия чемпионатын, Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Бұған дейін, 2008 жылдан бастап неміс маманы Дортмундтың "Боруссиясында" жұмыс істер, онымен бірге екі рет Германия чемпионы болды, Германия кубогын жеңіп алды және екі рет Германия Суперкубогының иегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×