Клопты бұрынғы клубы шақырып жатыр

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
02.05.2024, 06:09

Дортмундтық "Боруссия" келесі маусымда бас бапкер тізгінін Юрген Клопқа ұстатпақшы.

Клопты бұрынғы клубы шақырып жатыр
"Боруссия" футболшылары "ПСЖ" қақпасына салған голдарын тойлауда

Германиялық топ-клуб бұрындары да Клоппен жұмыс істеген. Естеріңізде болса, неміс маманы команданы 2008-2015 жылдар аралығында жаттықтырды. Юргеннің жеті маусымдағы жетістіктері - 2010-2011, 2011-2012 жылдары Бундеслига чемпионы, Германия Суперкубогі мен Кубогіндегі бас жүлде. Айта кетейік, Юрген Клоп осы маусым соңында "Ливерпульден" кетіп, бір жыл үзіліс алатынын мәлімдеген еді. Қазір Дортмундтық клуб Бундеслигада 31 ойында 57 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші сатыға жайғасқан. Кеше "Боруссия" Чемпиондар лигасының жартылай финалының бірінші кездесуінде "ПСЖ" командасымен жолығып, Никлас Фюллькругтың жалғыз добының арқасында жеңіске жетті. Қос команданың жауапты ойыны жетінші мамырға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×