Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын командалар анықталды

28.11.2021, 21:05
Аталмыш турнир 2022 жылдың қаңтарында өз жалауын желбіретпек.
Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын командалар анықталды

Бразилиялық «Палмейрас» Либертадорес кубогін жеңіп, клубтар арасындағы әлем чемпионатының соңғы қатысушысы атанды.

Аталмыш турнирде «Челси» (Англия), «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы), «Аль-Ахли» (Мысыр), «Монтеррей» (Мексика), «Окленд Сити» (Жаңа Зеландия) және «Аль-Джазира» (Катар) клубтары да бақ сынайды.

Турнирдің жеребе тарту рәсімі ертең, 29 қарашада өтеді. Айта кетейік, «Челси» мен «Палмейрас» турнирді бірден жартылай финалдық кезеңнен бастайды. Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2022 жылдың қаңтарында БАӘ-де өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×