Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеребесі тартылды

20.01.2021, 09:20
“Бавария” турнирді жартылай финалдан бастайды.
Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Швейцарияның Цюрих қаласында 4-11 ақпан аралығында Катарда жалауын желбірететін клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті.

Чемпиондар лигасының жеңімпазы мюнхендік “Бавария” турнирді жартылай финалдан бастайды. Сонымен қатар Либертадорес кубогінің чемпионы да біріншілікке 1/2 финалда қосылады.

Ширек финалдық жұптар төмендегідей:

«Тигрес» (Мексика) — «Ульсан» (Оңтүстік Корея) 

«Әл-Духаиль» (Катар) — «Әл-Ахли» (Египет)

30 қаңтар күні өтетін Либертадорес кубогінің финалында (“Палмейрас-“Сантос”) жеңіске жеткен клуб жартылай финалда “Тигрес” – “Ульсан” жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал “Бавария” “Әл-Духаиль” – “Әл-Ахли” клубтарының үздігімен бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа зеландиялық “Окленд Сити” клубы пандемияның салдарынан турнирге қатысудан бас тартқан еді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×