Көбеев командадағы орнын жоғалтып алды ма?

“Қайрат” ФК үздік түлектерінің бірі өз командасының соңғы кездесулерінде алаңға шықпай жүр.

Көбеев командадағы орнын жоғалтып алды ма?

21 жастағы жартылай қорғаушы “Слуцкке” қарсы Жоғары лиганың 9-турынан “Славия” Мозырьге қарсы 16-турына дейінгі ойындардың барлығынан шет қалды.

Мирастың құрамнан қалыс қалатындай ауыр жарақаты жоқ. Бапкерлермен қақтығысатындай жағдай клубта мүлдем орын алмаған. Алайда соңғы кездесулерін отандасымыз тек қосалқы құрамнан тамашалап жүр. Бұның себебін, біз былай деп түсіндік…

“Ислочь” ФК қазіргі бапкері Сергей Боровский Мирас жайында айтқан бір пікірінде оның физикалық тұрғыдан толық дамымағандығын алға тартқан болатын. Шынында, Көбеев алаңға осыған дейінгі шыққан ойындарында тек 40-50 минутқа шығып жүрген екен. Мүмкін осы жағдайдан кейін жартылай қорғаушы соңғы матчтардан шеттетіліп жатқан болар. 

Жалпы Мирас “Ислочь” ұжымына 2024 жылы “Қайраттан” ауысып барды. Өткен маусым қорытындысы бойынша ол Беларусь ұжымында 27 ойын өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Беларусь
Aladop Youtube
×