"Көк жейделілер" көңіл көншітер нәтижеге қол жеткізді

28.08.2011, 18:35
"Көк жейделілер" көңіл көншітер нәтижеге қол жеткізді
Кеше ағылшын премьер лигасының 3-тур ойындары болып өтті.  "Челси" ағылшын премьер лигасына биыл қосылған  "Норвичті" ойсырата ұтты. "Көк жейделілер" көйлегін жаңа киген Хуан Мата гол соққан бұл кездесуде сондай-ақ Жозе Босингва мен Фрэнка Лэмпардтар жасындай жарқырап, көңіл көншітер нәтижеге қол жеткізді. Және дәл осындай есеппен "Болтонды" бір босаңсытқан қызылдар көш басшылықты "көк жейделілермен" бөлісіп тұр. Уиган болса КПР-ден айласын асырды.  "Суонси" - "Сандерленд" және "Астон Вилла" - "Вулверхэмптон" кездесуінде есеп ашылмады. Ал, "Блэкберн" мен "Эвертон" арасындағы кездесуің аяғында Артетаның  пенальтиден соқан голы ойын тағдырын шешті. Қолда бар қос пенальтиді пайдалана алмаған "Блэкберн" осылайша өз алаында ұтылуға мәжбүр болды. Ливерпуль 3:1 Болтон Блэкберн 0:1 Эвертон Челси 3:1 Норвич Суонси 0:0 Сандерленд Уиган 2:0 Куинз Парк Рейнджерс Астон Вилла 0:0 Вулверхэмптон Ағылшын премьер лигасының бүгәнгә кездесулері:
28.08.2011
Ньюкасл vs. Фулхэм
Тоттенхэм vs. Манчестер Сити
Вест Бромвич vs. Стоук
Манчестер Юнайтед vs. Арсенал
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×