Кокорин «Фиорентинаның» ойыншысы атанды

27.01.2021, 19:05
Түрмеден Флоренцияға дейін.
Кокорин «Фиорентинаның» ойыншысы атанды

Мәскеулік “Спартактың” шабуылшысы Александр Кокорин италиялық “Фиорентинаның” ойыншысы атанды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

29 жасар форвард кеше медициналық тексерістен сәтті өтіп, 2024 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ауысымның құны – 4,5 миллион еуро. Сонымен қатар Кокорин клуб тарихында ешкім алып көрмеген 91-нөмірді таңдады.

Кокорин “Спартак” жейдесінде он ойынға қатысып, екі рет гол соқса, екі мәрте нәтижелі пас берген. Жалпы Ресей чемпионатында 251 матчта ойнап, 67 гол салса, 33 голдық пас берген.

”Фиорентина” Италия чемпионатының 19 турынан кейін 21 ұпай еншілеп, 12-сатыда келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×