Колумбия Перу құрамасына есе жіберді

21.06.2021, 13:53
Колумбия қорғаушысы өз қақпасына гол соғып, Перуға жеңіс сыйлады.
Колумбия Перу құрамасына есе жіберді

Гояниадағы (Бразилия) "Олимпико Педро Лудовико" стадионында Колумбия мен Перу құрамалары кездесті. Матч 2:1 есебімен Перу құрамасының пайдасына аяқталды.

Есепті 17-минутта Перудың жартылай қорғаушысы Серхио Пенья ашты. Екінші таймның басында Колумбия шабуылшысы Мигель Борха пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді. Алайда, 11 минуттан кейін Колумбияның қорғаушысы Йерри Мина өз қақпасына гол соғып, Перуға жеңіс сыйлады.


Еске салайық, В тобында алты ұпай жинаған Бразилия алғашқы орында келе жатыр, екінші сатыға Колумбия (4) жайғасқан, ал Перу (3) үздік үштікті түйіндеп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×