Коман осы аптаның басында «Бавариямен» бірге Германия чемпионы атанды. Осылайша ол сегізінші мәрте чемпион атанып отыр. Үш клубпен. 2013 және 2014 жылдары француз ойыншысы «ПСЖ» клубының намысын қорғап, екі рет Франция чемпионы атанған еді. Содан кейін «Ювентус» сапына ауысып, Италия біріншілігінде топ жарды. 2016 жылдан бастап Коман «Бавария» қатарына қосылып, қатарынан бес рет Бундеслига бас жүлдесін жеңді.
Биылғы маусымда Коман «Бавария» қатарында 32 кездесуге қатысып, 6 гол соқты. Жалпы карьерасында ол 187 ойын өткізіп, 33 рет қанжығасын майлаған.
Бұған дейін қатарынан сегіз рет чемпиондықты атақты Златан Ибрагимоч ғана жеңген болатын. Дегенмен де швед шабуылшысы үш клубпен емес, бес клубпен жеңген. Тарқатып айтыр болса, 2001/02, 2003/04 жылдары «Аякспен» екі рет, 2004/05, 2005/06 жылдары «Ювентуспен» екі рет, 2006/07, 2007/08, 2008/09 жылдары «Интермен» үш рет, 2009/10 маусымда «Барселонамен» бір рет және 2010/11 жылы «Миланмен» бір рет чемпион атанған.
Біздің серіктес: FONBET