Давид Гольдар “Пафос” командасын бүгін алаңға бастап шығуға дайын.
17 қазан күні “Пафос” ішкі чемпионатта “Ахнас” клубымен ойнап, 4:0 есебімен жеңді. Аталған матчта бір қызығы, капитан Давид Гольдар өнер көрсетпеді. Оның орнына Хуан Карседо Давид Луисті алаңға шығарды. 31 жастағы орталық қорғаушыда барлығы дұрыс. Тек бапкер тәжірибелі ойыншыны Алматыдағы ойын алдында демалдырып алуды жөн көріпті. Сондықтанда Гольдар бүгінгі кездесуге тың серпінмен өнер көрсетеді деп күтілуде.
Осы маусымда испан орталық қорғаушысы “Пафос” жейдесінде барлығы 18 кездесуге қатысты.
Еске салсақ, “Қайрат” пен “Пафос” арасындағы Чемпиондар Лигасының матчы бүгін сағат 21:45-те басталады.