Команда капитаны Көкшетау клубынан кетті

Нияз Идрисов Премьер-лиганың жаңа маусымын қызылордалық “Қайсарда” бастайды.

Команда капитаны Көкшетау клубынан кетті

26 жастағы футболшы аладоп аламанына аяқ басқаннан бері “Оқжетпес” құрылымында өнер көрсетіп келеді. 2018 жылы Көкшетау ұжымымен кәсіби келісім шартқа отырған қорғаушы, Ақмола облысы командасында 95 кездесу өткізіп үлгерді. Нияз барда Оқжетпес екі рет Бірінші Лига деңгейіне түсіп, мықты ойыншылардың көмегімен қайта үздіктер қатарына кірді.

Мәселен, 1968 жылы құрылған команда өз тарихында бес рет Бірінші Лига чемпионы болған. Ал соның соңғы екеуінде Идрисов команда сапында мандай терін төкті. Осы себептен, менмұндалап тұрған футболшыларға қарамастан, “Оқжетпес” капитаны ретінде 26 жастағы Нияз бекітілген. 

Айта кетейік, осы жылы Идрисов барлық турнирлер аясында 24 матч өткізді. Қорғаушы Премьерде тек екі ғана кездесуден шет қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Оқжетпес
Aladop Youtube
×