Команда капитаны мерейтойлы кездесуін өткізуде

Құрама көшбасшысы Асхат Тағыберген Норвегияға қарсы ойында Қазақстан жейдесіндегі 55 кездесуін өткізіп жатыр. 

Команда капитаны мерейтойлы кездесуін өткізуде

34 жастағы тәжірибелі футболшы құрамада 2014 жылдың 13 қазанында дебют жасаған. Содан бері Тағыберген халықаралық турнирлерде бас-аяғы 55 матч өткізіп, 2 гол соқты.

Айтпақшы, Асхат салған 2 голдың біреуі Пушкаш жүлдесіне ұсынылды. Еске салсақ, Еуро іріктеуінің Данияға қарсы “Астана Аренада” болған кездесуінде Тағыберген айып алаңы сыртынан Каспер Шмейхель қорғаған қақпаға тамаша соққы бағыттаған болатын. Сол арқылы отандасымыз престижды марапатқа ұсынылды.

Дәл қазіргі сәтте болып жатқан Қазақстан - Норвегия ойынында әзірше есеп ашылмады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×