«Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Георгий Жуков бірге өнер көрсеткен Бауыржан Джолшиевтің таланты мен мансабы туралы пікірімен бөлісті.
«Джолшиевте керемет жылдамдық болатын. Бойы Криштиану Роналдудікіндей еді. Баур өте ақылды ойнайтын, алаңда бәрін жүзеге асыра алатын еді. Тиісетіндер көп, бірақ Джолчиев үнемі алаңдағы өнерімен таңқалдыратын. Ол барлығын түсінетін және дер кезінде дұрыс шешім қабылдай алатын. Футболшы үшін тағы не қажет?
Бауыржан ойнай бергенде, Еуропаға кететін еді. Мансабын аяқтаған кезде, жасы небары 25-те еді. Шындығын айтқанда, Бауыржанның неге бұлай ерте аяқтағанын түсіне алмаймын. Қызық, футболдан Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен кейін өзінің нағыз бабында тұрған кезінде кетті», - деді Г. Жуков “ASnews.kz” порталына берген сұқбатында.
Бауыржан Джолчиев 2015-жылы желтоқсанда «Астанадан» кетіп, жаңа клуб іздеді. Нәтижелі маусымнан кейін 25-жасында мансабын аяқтады. Сол жылы «Астана» Қазақстан чемпионы болып, тарихында тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шықты.