Командасы оңбай ұтылса да Өзбекстандық өз жұмысын жақсы атқарды

Бүгін, 14:01

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы кездесу күтпеген нәтижемен аяқталды. Мадридтің “Реалы” өз алаңында “Манчестер Ситиді” 3:0 есебімен тас талқан етті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Командасы оңбай ұтылса да Өзбекстандық өз жұмысын жақсы атқарды

Алайда, Ағылшын клубының осыншалықты ірі есеппен жеңілгеніне қарамастан, футбол сарапшылары мен жанкүйерлердің назары бір-ақ ойыншыға ауды. Ол — Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов.

“Сантьяго Бернабеу” стадионында өткен матчта Мадридтіктердің жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде нағыз шоу көрсетті. Ол Ағылшындардың қақпасына жауапсыз үш гол соғып, хет-трик авторы атанды. “Ситидің” қорғанысы бұл кеште Вальверденің қарқынына төтеп бере алмады.

Жеңіліске қарамастан, “Манчестер Ситидің” сапында негізгі құрамда шыққан Абдукодир Хусанов алаңда 90 минут бойы аянып қалған жоқ. Командасы жеңіліске ұшыраса да, Винисиусқа керемет қарсылық көрсетіп, өзінің мықтылығын дәлелдеді.

Flashscore аналитикалық порталының мәліметінше, Хусановтың бұл матчтағы ойыны 7,3 балға татыды. Бұл — сол кештегі “Манчестер Ситидің” барлық қорғаушылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Орталық Азия футболының тумасы тәжірибелі Рубен Диаш пен Марк Гэиден жоғары бағаланды.

– Абдукодир Хусанов — 7,3

– Рубен Диаш — 6,8

– Марк Гэи — 6,6

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×