Комментатор іздейміз!

19.10.2012, 03:50
Комментатор іздейміз!
Қазақстан Ұлттық телеарнасында спорт комментаторларына байқау жалғасады. Байқауға спорт тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистер, спорттың қыр-сырына қанық, сөзге шешен қыз-жігіттер қатыса алады. Үміткерлердің жасына шектеу қойылмайды.   Спорт түрлері: футбол (ел, шетел футболы), бокс, күрес (еркін, грек-рим), дзюдо, велоспорт, волейбол, қысқы спорт түрлері (хоккей, биатлон, шаңғы, шаңғы фристайлы, шаңғымен трамплиннен секіру).   Спорттық көрсетілімдерді жүргізіп, өз бағыңызды сынап көріңіз! Байқау Астана және Алматы қалаларында жүргізіледі.   Кастингке қатысу үшін Алматы қаласы бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады.  Желтоқсан көшесі 177 үй, «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Спорттық бағдарламалары шығармашылық бірлестігі», байланыс телефоны 8 ()727 393-22-10. Байқауға жауапты Ермек Төрениязов тел: 87017766290. Түйіндемелеріңізді erema8607@mail.ru электронды поштасына жіберулерңізді сұраймыз.   Ал, Астана қаласы бойынша мына телефон номеріне хабарласа аласыздар. 8 (717) 255-33-38. Түйіндемені D.Iskakova@kaztv.kz    электронды поштасына жіберулерңізді сұраймыз.   Ескерту: байқау тек қазақ тілінде өткізіледі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
"Қорғансыздың күні" болды
Келесі жаңалық
"Шахтер" - ЧЕМПИОН!
Серіктес жаңалықтары
×