Кутаисиде өткен Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында шымкенттік «Ордабасы» грузиялық «Торпедоға» қарсы ойнап, 4:3 есебімен жеңіліске ұшырады.
Ойынның алғашқы минуттарынан бастап, қонақтар белсенді шабуылға көшті. Алайда есепті грузиялық команда ашты. Бьорн Йонсен айып алаңындағы пасты сәтті аяқтап, командасын алға шығарды. Бірақ «Ордабасы» жылдам жауап қайтарды. Үш минуттың ішінде Михай Кэпэцынэ мен Лука Имнадзе қатарынан гол соғып, есепті өз пайдасына өзгертті.
Бірінші таймның соңына таман Матей Шимич бұрыштамадан келген допты голға айналдырып, қайта тараз басын теңестірді. Екінші таймда Андрей Мартин шәкірттері прессинг арқылы ойынды өз қолына алуға тырысты және Сагадат Тұрсынбайдың голы арқасында есепті 2:3-ке жеткізді.
Дегенмен, «Торпедо» беріле қоймады. Алдымен Бьорн Йонсен тағы көзге түссе, соңғы минуттарда болмашы бұрыштамадан кейін алаң иелері жеңіс голын соғып кетті.
«Торпедо» (Кутаиси, Грузия) — «Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) 4:3 (2:2)
Голдар: Йонсен 30 (1:0), Кэпэцынэ 32 (1:1), Имнадзе 35 (1:2), Шимич 45+2 (2:2), Тұрсынбай 69 (2:3), Йонсен 79 (3:3), Шимич 90+4 (4:3).