Конференциялар лигасы: «Астана» плей-офқа шыға ала ма?

16.12.2024, 12:37

«Астана» Кипрге жетіп, биылғы еурокубогіндегі соңғы кездесуіне дайындығын бастады.

Конференциялар лигасы: «Астана» плей-офқа шыға ала ма?
Григорий Бабаян

19-желтоқсанда елордалықтар Конференциялар лигасының негізгі кезеңінің алтыншы турында жергілікті «Апоэльмен» жолығады. 

Григорий Бабаянның командасы бес турдан кейін 36 ұжымның арасында 28-орынға жайғасқан. Ал плей-офф-қа шығу үшін кемінде 24-орын алу керек. Бұл КЛ-ның 1/8 финалдық кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін тоғыспалы матчтарға жол ашпақ. Ол үшін «Астана» бейсенбі күні міндетті түрде үш ұпай олжалауы тиіс. Осылай болған жағдайдың өзінде біраз факторларды ескеруміз қажет: елордалықтарға 17-27-сатылар аралығындағы командалардың нәтижелері де маңызды. Бұл жерде 24-орын алған ұжымдардың доп айырмашылығы секілді көрсеткіштері де есепке алынады. Сонымен, Григорий Бабаянның клубында көктемдегі шешуші кезеңге шығатын мүмкіндік бар, бірақ барлығы бір «Астананың» ғана еркінде емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×