Семейдегі "Спартак" стадионы Конференция лигасының матчтарын қабылдауға дайындалуда, деп хабарлайды Aladop.kz.
Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде "Спартак” стадионын жаңа маусымға және Конференция лигасының ойындарына дайындау мәселелері талқыланды.
"Бүгін Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалығымен "Спартак” стадионын маусымға дайындау және UEFA Conference League матчтарын өткізу мәселесіне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Талқылау жиынына әкімдік пен "Елімай” футбол клубының өкілдері әрі Абай облысы футбол федерациясы мен осы үдеріске тартылған мердігер ұйымдар.
Қазіргі таңда стадиондағы жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Аталмыш іске ат салысушы азаматтар тұрақты байланыс пен іс-қимылдарды үйлестіруді жолға қойған, бұл туындаған мәселелерді жедел шешуге және белгіленген мерзімдерді сақтауға мүмкіндік береді.
"Елімай" футбол командасының үй және халықаралық матчтарын өткізу үшін стадионды дайындау негізгі басым міндеттердің бірі болып табылады және қала мен облыстың атқарушы органдарының ерекше бақылауында.” – деп мәлімдеді клуб ресми түрде.