Константин Емельянов: «Матчтың басындағы гол бізге зиянын тигізді»

09.05.2022, 17:16
«Кеншілер» бірінші айналым біткенше бас бапкер тағайындамауы мүмкін.
Константин Емельянов: «Матчтың басындағы гол бізге зиянын тигізді»

«Шахтер» бас бапкерінің міндетін атқарушы Константин Емельянов «Тұранға» қарсы өткен ойын (0:2) туралы пікір білдірді:

- Біз бұл матчқа жақсылап дайындалдық, бірақ ойынға қандай да бір қорқынышпен кірген сияқтымыз. Матчтың басында көп қателестік, қарсыласқа қысым жасамадық. Бірақ бұл қателіктер матчтың одан әрі жалғасуына себеп болды. Бірнеше қателік жібергендіктен өзіңе деген сенімділік жоғала бастайды. Менің ойымша, матчтың басындағы гол бізге зиянын тигізді. Екінші таймда қарсыласқа біраз қысым жасап, оларды белгілі бір дәрежеде артқа қайтардық, бірақ одан ешқандай пайда болмады, тағы да қателесіп, екінші голды өткізіп алдық. Менің ойымша, бұл гол кездесудің нүктесін қойды.

Жігіттермен сөйлесеміз, себебі келесі матчта басқаша ойнау керек. Бүгінгі ойын мен «Тобылға» қарсы өткен ойынның айырмашылығы жер мен көктей. Мен мұның немен байланысты екенін білмеймін, ауа-райына байланысты болуы мүмкін, өйткені біз ондай ыстықта ойнамағанбыз. Жақсылап сөйлесіп, келесі матчқа дайындаламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×