Константин Головской «Тоболдың» жаңадан келген ойыншысы. Бірақ та ол қазақстандық футбол туралы өте көп біледі. Біздің елде экс-спартакшы мүмкіндігінше барлық жеңістерге жеткен, барлық ірі қалаларды аралаған, бірталай футбол адамдарымен танысқан. Бірақ та біздер үшін, «Тоболдың» жанкүйерлеріне ол – құпия. Головскойдың құпиясын ашу үшін біз белгілі футболшының өткені, кәзіргі кезі мен алдағы жоспары туралы бірнеше сұрақтар қойған болатынбыз.
- Константин, сіз бірталай жылдардан бері Қазақстандасыз. Футбол алаңдарында «Тоболмен» бір емес бірнеше рет кездестіңіз. Жалпы біздің команда туралы не айталасыз?
- «Тобол» - жақсы команда, ол әрқашанда бірінші орынға ие болуға лайық. Бір жылдары ол екінші орынға үш-төрт жыл қатарымен ие болған. Ойын әдісінде ол ешкімге жол бермеген, тіпті ерекшеленетін, бірақ чемпион болалмаған. Дегенмен чемпион болды. Команда Қазақстанда алдыңғы сатыдан көрінеді. Ойынға келсек те, футболшыларға келсек те, жанкүерлердің командаға деген қарым-қатынасына келсек те, қаланың қатынасына келсек те, менің ойымша, бұл футбол командасы Қазақстан Чемпионатының көшбасшыларының бірі.
- Біздің елде сіз мүмкін болған барлық жеңістерге жеттіңіз. Константин Головскойдың Қазақстанда қалып ойнауға ынтасы қандай? Футболды неше жасқа дейін ойнайсыз? Ағзаңызға дене жүктемесі ауырға түспейме?
- Кубок, Суперкубок және Чемпионатта жеңістерге жетуге ынтам зор. Мен өзім максималистпын.Әр матчта жеңіп, чемпионатта жеңіске жеткім келеді. Әзірше күшім барда ойнаймын. Ең бастысы, мен футболды жақсы көремін, сондықтан ойнап, жеңу мен үшін қызықты. Футбол маған ұнамаған немесе күшім жетпей баратқан кезде футболмен қош айтысам.
- «Тобол» үшін де, сіздің бұрынғы «Қайрат» клубы үшін де өткен маусым сәтті болған жоқ. Маусымдағы матчтардың ішінде бір матч емес бірнешесі ең жақсы болды деп есептейтініңізге мен сенімдімін. Бұл қандай матч болды және неге?
- Маусым, әрине, сәтті болған жоқ. Оны тезірек ұмытқым келеді. Дегенмен мен оны ұмыттым. Ең баста нақты мақсат қойылған, бірақ керісінше болды. Менің ойымша, ең жақсы матчты біз «Ақтөбе» командасымен ойнадық. Жалғыз мен емес, барлық команда. Алматыда 3-0 есеппен жеңіске жеттік. Мен үшін бұл ойын ұстанымды болған шығар, өйткені мен 4 жыл бойы «Ақтөбе» командасында ойнадым. Мен ғана емес жақсы ойнаған, барлық команда өте жақсы ойнады деп есептеймін. Бұл матч «Қайраттың» ең жақсы жеңістерінің бірі деп айтуға болады.
- Жасырын емес, сіздің бұрынғы «Ақтөбе» клубы мен қостанай «Тоболының» жанкүйерлері бір-бірін ұната қойматыны. «Тоболға» ауысқаныңыз жөнініде сізге жайсыз түсініктер мен пікірлер келіп түсті ме? Сіздің ойыныңыз туралы жанкүйерлердің ғаламторда жазған түсініктерін оқисыз ба? Жалпы кімнің пікіріне жиірек сүйенесіз?
- Білесіз бе, мен ғаламторды оқымаймын. Маған кәзір кім не айтқаны қызық емес. Жанкүйерлер әр түрлі болғандықтан неше түрлі жазады. Біреулерді немесе нақты бір адамды балағаттағысы келетіндер де баршылық. Мен өмірімде бір ғана адамның пікіріне мән беремін, жас кезімде, одан әрі үлкіген кезде де матчты қалай ойнағаныма баға беретін бір кісі бар.Ол менің әкем. Ол өмір бойы мен үшін мазасызданады. Оның арқасында мен футболшы болдым. Футбол арнасына мені ол бағыттаған. «Ақтөбенің» жанкүйерлері не айтатыны мені қызықтырмайды. Ия, жақсы кезең болды. Мен, әрине, командаға да жанкүйерлерге де ризамын. Кәзір барлығы өзгерген. Мен командадан кеттім, енді өзімнің алдағы жетістіктерім «Тоболмен» байланысты. Қостанай командасына жақсы ойыныммен пайдамды тигіземін деп ойлаймын.
- «Тоболдың» бас бапкері Вячеслав Грозныйды сіз бұрыннан білесіз. Айтыңызшы, Грозный «Спартактағы» кезінен бері өзгерген бе?
- Ештеңе өзгермеген. Мен Вячеслав Викторовичпен 1996 жылы бірге жұмыс істегенмін. Бұл адам мүлде өзгермеген. Бұрынғыдай максималист. Бапкерлік процесы сол қалыпша. Әрине, одан бері көп уақыт өтті, жаңадан жаттығулар енгізілген. Бірақ негізігі бағыты өзгерген емес – Грозный футбол ойнауды үйретеді. Негізігі жұмысы міндетті түрде доппен өтеді. Бұл дұрыс деп есептеймін. Вячеслав Викторович «Барселонаны» үлгі тұтады. Меніңше, барлық кездің ең жақсы командасы осы. Олардың стилі бойынша ойнауға ұмтылуымыз керек. Әрине, олар сияқты ойнай алмаймыз, ол түсінікті. Бірақ әрқашанда биік мақсаттар қою керек. Кәзіргі кезде біз бір жиын өткіздік. Екіншісін бастадық. Бәріне қызықты. Жігіттердің ойнау деңгейі өсіп келеді. Чемпионатта барлығы жақсы болады деп ойлаймын.
- Келешекте өзіңізді қай жағынан көресіз, Карпин сияқты футбол бапкері ме, Смертин сияқты клуб функционері немесе Аленичев сияқты саясаткер ме?
- Шынымды айтсам, мен келешекте не болатындығы туралы ойланғанмын. Бірақ бір шешімге келген жоқпын. Әрине, өмір бойы тек қана футбол ойнап келе жатырмын, сондықтан да футболмен байланысты бір мамандық бойынша жұмыс істегім келеді. Әзірше, кім болып істейтінімді айталмаймын. Кәзір мен футбол ойнаймын.
- Константин Головскойда жүзеге асырылмаған мақсат немесе арман бар ма?
- Менің бір арманым бар. Мен футбол ойнаймын, сондықтан жыл сайын чемпион болуды армандаймын. Жаңа командаға ауыстым, онымен бірге чемпион болғым келеді. Өмірімде көп жоспарлар мен мақсаттар бар, бірақ кәзір олар туралы айтқым келмейді.
- Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз, футболдан тыс мезгіліңізді қалай өткізесіз?
- Футболдан тыс уақытымда, барлық футболшылар сияқты, мен киноға, театрға барғанды жақсы көремін. Үстел теннисын ойнаймын. Отбасыммен бірге уақыт өткізгенді жақсы көремін. Бірге қыдырғанды, саябаққа барғанды. Мәскеуде циркке, Горький атындағы саябаққа барамыз. Осы маусымарада жұбайым екеуміз Таиландта демалдық. Балам кәзір әлі кішкентай, оны өзімізбен бірге алған жоқпыз. Екі жыл қатарымен бардық, сол бір отельде болдық. Ол жақ бізге өте ұнайды. Өмірде мен көп жерлерде болдым. Бүкіл жерде қызықты, әр елдің өз ерекшелігі бар.
- Жыл сайын маусым алдындағы жиынды Түркияда өткізу сізді жалықтырған жоқ па? Мысалы, Ресей Премьер-Лигасының командалары үйреншікті Босфор жағасынан бас тартып, БАЭ мен Испанияны таңдайды.
- Әрине, жалықтырды, айтып керегіне... Әрине, Испанияға да, Италияға да, Араб Эмиратына да барғым келеді. Бірақ мынаны ескеру керек, Түркия – бұл визасыз ел. Еш қиындықсыз көп ойыншылар көрінуге келе алады. Сондықтан Түркия – қазақстандық клубтары үшін ең қолайлы жер.
- Барлық медальдарыңыз бен жүлделерді қайда сақтайсыз? Кейбір футболшылар үйлерінде даңқ бұрышын жасайды, ол жерде өздерінің барлық жетістіктерін жинайды, бала кезден бастап. Сізде осындай бір нәрсе бар ма?
- Менің анам үлкен фанат. Ол баяғыдан бері барлық газет қиындыларын, фотосуреттерді, мен жаттығып, ойнаған клубтардың майкаларын жинап келе жатыр. Үйде оның үлкен жинағы бар. Анамның жинағынан басқа өзімнің жинағым да бар. Барлық медальдар, кубоктар, мақтау қағаздары арнайы бөлмеде сақталады, бұл үшін өз бұрышым бар. Бірақ мен ешкімге ештеңе көрсетпеймін. Менде мақтану деген, өз жетістіктерімді көрсету деген мақсат жоқ. Футболмен қоштасқан кезде, сонда бос уақытымда өткен ойындарды еске алуға, фотосуреттерді қарауға және менің сұхбатым бар немесе мен аталған жазулары бар газеттерді оқуға мүмкіндігім болады.
- Түсінемін, өз мансабыңызда алаңда бүкіл жерде ойнадыңыз. Қақпада тұруға келген кез болдыма? Сізге қандай позицияда ойнау ыңғайлы?
- Қақпада тұрған жоқпын. Шынымды айтсам, өзіме ұнамайтын іспен айналысқым келмейді. Маған орталық аймақта ойнаған ыңғайлы, тірек жартылай қорғаныста немесе шабуылшы болып. «Қайратта» маусымның аяғында, әр түрлі себептермен шабуылшы болмағандықтан, оның ішінде жарақаты бар, мен шабуылшы ролін атқарғанмын. Бұл маусым соңында болды, 5 ойын шығар.
- Польша мен Украинада өтетін Еуропа Чемпионатының фавориты ретінде кімді көресіз? Егер күнтізбеде және жаттығу процессінде үзіліс болса, Евроның матчтарына барасыз ба?
- Әрине, барғым келеді. Чемпионатта ұзақ үзіліс болады деп естігенмін. Грозный команданы Украинаға алып барғысы келген. Сол жақта жаттығып, 3-4 матчқа барып көруге. Әрине, өте қызықты болар еді. Еуропа Чемпионатында әлемнің ең жақсы ойыншылары ойнайды ғой. Ал фавориттерге келсек, бұл испандықтар деп есептеймін. Ақтық сында да олар немістермен кездеседі.
- «Тоболдың» жанкүйерлеріне үндеу жолдауға кәзір сіздің тамаша мүмкіндігіңіз бар.
- Мен «Тоболға» ойнауға, командаға көмектесуге, өзімнің ең жақсы ойындарымды көрсетуге келгенімді айтқым келеді. Жанкүйерлерге командамен бірге сәттілік тілеймін, олар бізді қолдап, ал біз олардың сенімдерін ақтауға бар күштерімізді саламыз.
«Тобол» ФК баспасөз қызметі