
Қазақстандық маман көлемді сұқбатта біраз дүниені тілге тиек еткен болатын.
«Мен кету туралы шешімді өзім қабылдадым. Облыстық спорт басқармасымен сөйлескенімде, олар маған: «Біз сені жұмыстан қумаймыз, егер қаласаң, команданы «Астана» мен «Ордабасыға» қарсы өтетін ойынға дайында» деп айтты. Сондықтан бұл менің бастамам болды, өтемақы ретінде бір тиын да сұрамадым, 20 сәуірде сөйлесіп, келісімшартты бұздық.
Мұны күтпеген жаңалық болды деп айта алмаймын, себебі жағдайды өзгертудің ешқандай жолын көрмедім.
«Қайраттың» құрылып келе жатқанына 15 жыл болды, президент үнемі: «Клубты дамытамыз» деп айтады. Мұнда нақты селекция бар, бір стильге негізделген, ал сіз мұнда келіп, бір айлық жаттығудан кейін нәтиже көрсетуге міндеттелесіз. Олай болмайды. Бұл мен үшін өмірлік сабақ болады» – деді Горовенко Meta-ratings порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Константин Горовенкодан кейін «мұнайшыларды» тағы бір отандық маман Қуаныш Қабдолов тізгіндеген болатын. Қуаныш Кенжәліұлының жаттықтыруымен атыраулықтар өткенде «Астанамен» ойнаған. Ол ойын елордалық команданың жеңісімен аяқталды 2:1.
Біздің серіктес: FONBET