Константин Горовенко «Ертіс» клубын тізгіндеуі мүмкін

12.05.2025, 17:33

Жуырда «Атыраудан» кеткен Константин Горовенко павлодарлық «Ертістің» бас бапкері болып қалуы ықтимал.

Константин Горовенко «Ертіс» клубын тізгіндеуі мүмкін
Константин Горовенко

Дәл қазір қос тарап келіссөздер жүргізуде деген ақпарат бар. Бұл мәселедегі соңғы сөз 48 жасар маманға байланысты болуда. Константин Горовенко Бірінші лигада жұмыс істеуге келісім бере ме жоқ па? Егер келіссе павлодарлық ұжым үшін бұл сөзсіз үлкен олжа болмақ. Себебі, дәл қазір «Ертіс» Бірінші лигада 5 турдан кейін көш бастап тұр – 4 жеңіс пен бір тең нәтижеден кейін қоржында 13 ұпай. Осындай жауапты сәтте бас бапкерсіз қалу әрине команданың амбициясына сызат түсіретіні анық. Ал осындай қысылтаяңда Константин Горовенкодай тәжірибелі бапкермен келісімге келу әрине жақсы жаңалық болары анық.

Айта кетейік, Константин Горовенко маусымға «Атырауды» дайындап, өткен айда қызметін өз еркімен босатқан болатын. «Мұнайшылар» қазақстандық маманның жаттықтыруымен жеңілістен көз ашпай, турнирлік кестеде төмен түсіп кеткен. Сөйтіп, Горовенко бас бапкерлікетен кетуді ұйғарды. Ол өзінің мансабында «Жетісу», «Мақтаарал», «Шахтер» және «Каспий» командаларында жұмыс істеді. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасында бас бапкердің көмекшісі болғаны да мәлім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×