Константин Горовенко: «Матч алдында үш ұпай алуға күш пен сенімділік барын сездім»

23.04.2022, 17:03
«Атырау» соңғы жеті матч бойы «Тобылды» жеңе алмаған болатын.
Константин Горовенко: «Матч алдында үш ұпай алуға күш пен сенімділік барын сездім»

«Атыраудың» бас бапкері Константин Горовенко «Тобылға» қарсы өткен ойынды (2:1) қорытындылады:

– Сонда да біз өз алаңымызда «Ақжайықпен» болған кездесуде үш ұпайдан айырылып қалдық, кейін Ақтауда тең есепті уыстан шығарып алдық. Сондықтан соңғы нәтижелерге команданың көңілі толмады және бүгін шегінуге құқымыз жоқ екені көрініп тұрды. Ойыншылардың зейін қойып дайындалғанын сезіндім. Ал кеше ойын алдындағы жаттығуда командада үш ұпай алуға күш пен сенімділік барын сездім. «Атырау» «Тобылдан» қатарынан жеті кездесуде жеңілді, сондықтан баршаңызды бүгінгі жеңіспен құттықтаймын. Атыраулықтар, сіздер бұл жеңіске лайықсыздар!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×