Константин Горовенко: «Қазір жоғары орындарға таласуға нақты мүмкіндік бар»

26.11.2020, 00:35
«Шахтер» үшінші орында тұрған «Астанадан» 4 ұпайға артта келе жатыр.
Константин Горовенко: «Қазір жоғары орындарға таласуға нақты мүмкіндік бар»

«Шахтер» командасының бас бапкері Константин Горовенко Премьер-Лиганың 20-турындағы «Жетісуға» қарсы матч (1:2) туралы пікір білдірді:

- Матчқа дайындық кезінде біздің құрамда белгілі бір қиындықтар болды: жарақатына байланысты Мингазов пен Ятченко ойынға қатыса алмады, сонымен қатар Усман дисквалификацияға байланысты командаға көмектесе алмады. Маған құрамды өзгертуге тура келді. Екінші себеп - елордалық «Астанамен» өткен ойын үлкен эмоционалды күш жұмсауды талап етті. Жігіттердің барлығы кәсіпқой, олар бұл матч біз үшін өте маңызды екенін түсінді. Барлық маусымда біз көшбасшы командаларға жақындадық, енді турнир кестесінде жоғары орындарға таласудың нақты мүмкіндігі бар.

Барлық ойыншылар ұйымшылдығы жоғары қарсыласқа қарсы болатын кездесуге тыңғылықты дайындалды. Біз олардың қарсы шабуылдар мен стандарттарға сүйенетінін түсіндік. Және олардың стандарттарын бейтараптандырдық, бірақ, өкінішке орай, бір қарсы шабуылды жіберіп алдық. «Жетісу» сияқты қарсыласпен кездесуде сіз бірінші болып гол жібермеуіңіз керек. Біз шабуылға шықтық. Менің ойымша, жоғарғы орындар үшін күрескен кезде 0:1 немесе 0:2 есебімен жеңілсеңіз де ешқандай айырмашылық жоқ. Біздің ойыншылар шабуылға шықты, ойынның есебін өзгертуге тырысты, бірақ, өкінішке орай, жеңіліске ұшырады. Мен ойыншыларға атқарылған жұмыс үшін ризамын, осыған байланысты оларға шағымым жоқ. Олар алаңда шайқасты, бар күштерін салды, ұпай алу үшін бәрін жасады. Біз бас тартпаймыз және күресті жалғастырамыз. Жанкүйерлерімізге көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтамын, біз оларды қуанту үшін барымызды саламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×