Қарағандылық "Шахтердің" бас бапкері Константин Горовенко қызметінен кетті
43 жастағы қазақстандық маман осы жылдың маусым айында украиналық маман Вячеслав Грозныйдың орнына "Шахтер" командасының бас бапкері атанған болатын. Оның басшылығымен команда 18 кездесу өткізіп, 8 рет жеңіске жетіп, 5 матчты тең аяқтап, 5 рет жеңіліске ұшырады. "Кеншілер" төртінші орынға ие болып, келесі жылы Конференция лигасында өнер көрсетеді.
Константин Горовенконың "Шахтермен" келісімшарты аяқталды және басшылық бұл маманмен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.
Біздің серіктес: FONBET