Константин Горовенко: «Шабуылдағы ойыншылар үмітті ақтамады»

10.04.2022, 17:47
«Мұнайшылар» өз алаңында оралдық командаға үш ұпай сыйлады.
Константин Горовенко: «Шабуылдағы ойыншылар үмітті ақтамады»

«Атыраудың» бас бапкері Константин Горовенко Премьер-лиганың бесінші турында «Ақжайықпен» болған ойын (0:1) туралы пікір білдірді:

— Біз қарсыластың ойынды қалай құратынын түсіндік. Қарсы шабуыл болатынын ескерттік. Өкінішке орай, біз бұрыштамадан кейін қарсы шабуылды өткізіп алдық. Ол жерде бірнеше ойыншы қателесті, сол сәтте тактикалық фол жасау керек еді. Гол соғылғаннан кейін қарсылас қорғанысқа қамалды, біз олардың қорғанысын бұза алмадық. Олардың айып алаңдарына жақындағанымызбен, қауіпті сәттер болған жоқ. Шабуыл тобындағы бірқатар ойыншыларға шағымым бар. Бір-екі адам үмітті ақтамады. 

Мен өзімді жауапкершіліктен босатпаймын, мүмкін негізгі құрамды дұрыс шығармаған болармын. Бізде жас ойыншылар көп, оларға әлі тұрақтылық жетіспейді. Қатарынан екі жеңістен кейін біз өз мүмкіндіктерімізді асыра бағалаған шығармыз. Бірақ чемпионат жалғасуда, бізге әр ойында күш-жігерімізді көрсету керек, жанкүйерлердің сенімін ақтау қажет. Егер жанкүйер стадионнан наразы болып кетсе, онда біз дұрыс ойын көрсетпедік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×