Константин Горовенко «Шахтерден» кетуге жақын

30.12.2020, 00:59
Горовенко қарағандылық клубты еурокубокке қайтарған еді.
Константин Горовенко «Шахтерден» кетуге жақын

Vesti.kz сайтына белгілі болғандай, "Шахтердің" бас бапкері Костантин Горовенко командадан кетеді. Басшылық пен 43 жастағы маман ынтымақтастықты жаңа маусымда жалғастырмау туралы шешім қабылдады. Клуб басшылығы мен бас бапкер арасындағы әңгіме бүгін, 29 желтоқсанда өтті.

Горовенко қарағандылық клубқа осы жылдың жазында "Тобыл" мен "Ертіс" командаларының бұрынғы жаттықтырушысы Вячеслав Грозныйдың орнына келген болатын.

Осы жаттықтырушымен "Шахтер" өткен маусымда төртінші орын алып, еурокубокке жолдама алды. Келесі жылы "кеншілер" УЕФА-ның жаңа турнирінде - Конференция лигасында ойнайды.

Горовенко футболшы болған кезінде "Қайрат", "Жеңіс" және "Алма-Ата" клубтарының намысын қорғады. Ол Қазақстан құрамасында алты матч өткізіп, үш гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×