Концерт кесірі жасыл алаңға тиді

Дженнифер Лопестің концертінен кейін Өзбекстан құрамасы стадионсыз қалды

 

Концерт кесірі жасыл алаңға тиді

Джей Ло концерті кейін Бунедқор стадионы жарамсыз болып қалды. Салмағы тоннаға тартатын музыкалық аппаратура жасыл алаңды тықыр қылды. 7 тамызда өткен шоу-концерттен соң, зардап шеккен стадионға әлі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Бастайын десе Бунедқор клубында қаражаттың қамы болмай отыр екен.

Жалпы жасыл алаңды қалыпқа келтіру жұмысы команда үшін 1 млн долларға шығын әкелмек. “Бунедкор” 26 тамызға дейін мәселенің нүктесі қоюы керек. Себебі, Ташкент ұжымы Өзбекстан Кубогынде “Бухараны” дәл осы стадионда қабылдайды. 

Айта кетсек, Ташкентте орналасқан бұл стадионда Бунедкор клубынан бөлек, ел құрамасы өнер көрсетеді. 2008 жылы іргетасы қалған спорттық нысанға 34 мың адам сыйады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Өзбекстан
Aladop Youtube
×