Көп гол соғылған апта!

13.04.2011, 00:32
Көп гол соғылған апта!
Өткен аптада ойналған Чемпиондар Лигасының ширек финалына жолдама алу үшін алғашқы айналымда тартысқа түскен командалар қарсыластарының қақпасына ала допты қарша боратты. Осы орайда  footbol.kz сайты сол ойындарға шолу жасамақ. 1\4 финалдың алғашқы ойын  күні   «Саньтяго Бернабеу» стадионында жергілікті «Реал» және  Ұлыбританияның астанасы Лондоннан келген «Тотенхем» командалары алаңға шықса, дәл осы ойынмен қатар Италияның Милан қаласында «Джузепе Меацци» атындағы стадионында Чемпиондар Лигасының былтырғы жылғы жеңімпазы «Интер» гельзенгирхеннен келген «Шальке-04» командасын қабылдаған болатын. Ал, екінші ойын күні АПЛ-дің бұрнағы күнгі ең мықты деген командалары «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» сонымен қатар испан және украин Прмьер-лигасының көш басында келе жатқан католониялық «Барселона» мен донецкілік «Шахтер» кездескен болатын. Алдымен мадридте өткен ойынға тоқталсақ. Харри Реднапп пен 2010-жылғы әлемнің ең үздік  бапкері атанған Жозе Моуриньоның шәкірттерінің арасындағы ойында корольдік команда матчты бірден өз қолдарына алып, тоголық қара маржан Эммануэль Адебайордың көмегімен кездесудің 4-минутында мадридтік команда алға шықты. Жылдам гол өткізіп алған қонақтар естерін енді-енді жия бастағанда Питер Крауч күтпеген жерден екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылып командаластарын қиын жағдайға қалдырып кетті. Бұл ойынның небәрі 15-минуты болатын. Ары қарай Жозе бапкердің жігіттерді ойынның өту барысын толыққанды өз қолдарына алып, лондондықтарды өз қақпаларына қарай тықсырып тастады.  Ойынның бірінші кезеңінде бір ғана голмен шектелген Роналду бастаған жігіттер  екінші таймда, Адебайордың, аргентиналық жас талант Ди Марияның және әлемнің үздің ойыншыларың бірі портуғалиялық жұлдық Криштиану Роналдудың голдары арқылы Реднаптың шәкірттерін 4-0 есебімен ойсырата ұтты. Милан қаласында өткен кездесуде анық фоварит ретінде Леонардоның шәкірттері саналған болатын. Ал, ойынға келгенде германдық команданың жақында ғана бас бапкері болып келген Ралф Рангник шәкірттері дүйім халықтың ойын 180 градуқа өзгертіп тастады. Енді ойынға тоқталатын болсақ. Доп алаң ортасынан бастала салысымен алаң иелері қарсыластарын бірден-ақ қыспаққа алып, клубтың мәңгілік қартаймайтын капитаны Хавер Дзанетти Фарфанның аяғынан допты тартып алып Камбьяссоға ұсынды, аргенитиналық ойыншы өз кезегінде допты немістердің айып алаңына әуелетіп асырды. Эстебанның бұл добына қорғаушының қызметін атқарып кеткен Нойер қақпасынан шығып, басымен ала допты орталық алаңға ұрып жіберді. Бірақ, домалақ снаряд тұп-тура италияндықтардың сербиялық жартылайқорғаушысы Станковиятың аяғына түсті. Қақпа ашық тұрғанын бірден аңғарған Даян допты ширене теуіп бос тұрған Мануэльдің қақпасын дәл нысанаға алып, биылғы жылғы ЧЛ-дағы ең жылдам әрі ең әдемі голдардың бірінің авторы атанды. Күтпеген жерген өз қақпаларына гол кіргізіп алған қонақтар лондондық «Тотенхем» сынды шашырамай бірден естерін жиып, қарсы шабуылға шыға бастады. Уақыт өткен сайын ширағырақ қимылдай бастаған бундесманштаф командасы ойынның орта тұсында, бұрыштан берілген допты бразилиялық  Сезар қорғаған қақаның торынан бірақ алып шықты. Бұл жолғы голдың авторы Матип. Өз алаңдарына қонақтардан бір гол кіргізгенің екіге саналатынын керемет білетін Снейдер бастаған жігіттер барлығын қайта басынан бастап, жақында ғана жарақатынан айырылған Диего Милитоның арқасында тағы да алға шығады. Десе де, бұл күні психологиялық түрғыдан әбден дайындалған Рангниктің командасы Эдудың арқасында есепті теңестіріп, екінші таймда  қара-көк жиделі «Нерадзурри» командасын өз қалауларынша ойнауға мүмкіндік бермей Рауль, Раньоккияның автаголы және Эдудың екінші голы арқылы миландық команданы тас-талқан қылып жеңіп кетті. Осы орайда айта кетейік, Рауль осы кеште ЧЛ қанжығасын 70-рет майлады. Енді өткен аптаның сәрсенбінің сәтті күнінде өткен ойындар туралы айтсақ. Сірә, бұл күнді енді Мирчо Луческу тәрбиелейтін «Шахтердің» жігіттері сәтті демес! Себебі, бүгінгі таңда қарсылас шақ келтірмейтін «Камп Ноу» алаңының нағыз қожайындары «Барселонаға» 5-1 есебімен есе жіберіп алды.Донецкілік командаға қарсы ойында 2002-жылғы Еуро және 2010-жылғы Әлем чемпионы Андреас Инеста, қорғаныстың оң қапталында өнер көрсететін, әлемнің ең үздік қорғаушыларының бірі Дани Алвес, әлемнің жоқ жұлдызы Шакираның сүйіктісі Херард Пике, Мали құрамасының көшбасшысы Сейду Кейта және Хави сынды ойыншылар голымен көзге түссе, қонақтар сапын Ракицкий бір нәтижелі соққының авторы атанды. Ал, «Стемфорд Бриджде» өткен Карло Анчелотти мен сэр Алекс Фергюсонның ұжымдары арасындағы ойында корермендер голға қанық бола алмады. Бұл кездеуді, қазіргі таңда лақап аты «Шрекке» айналған Уэйн Рунидің жалғыз голы шешті. Қызыл сойқандарға қарсы өзінің «Челси» сапында 500-ойынын өткізген Френк Лемпард пен оның әріптестерінің бұл кеште мүлде жолы болмады десе де болады. Ван дер Сар қорғаған қақпаны лондондық команданың жігіттері қанша нысанаға алғанымен, сол күйі тәжірибелі қақпашының осал тұсын таба алмады. Келесі кезеңге кімдер өтпек ? Осы аптада Еуропа мен күллі әлем жұртшылығы  тағы төрт кереметтей футбол спектакілінің куәгері болмақ. Әрине, барлығының көкейінде келесі кезеңге кім өтеді деген сұрақ жүргені сөзсіз! Өткен аптадағы нәтижелерге қарасақ, келесі кезеңге бір аяғымен мадридтік «Реал», гельзенхирхендік «Шальке-04», жәнне католониялық «Барселона» тұрғаны мәлім. Ал, қос ағылшындық алып « Челси» мен «Юнайтед» арасында да әлі толық ештеме шешілмеді. Десе де, «Қызыл сойқандар» өз алаңдарында қарсыластарынан оңай жеңіле салмайтынын ескерсек, келесі кезеңге өту Фергюсонның шәкірттерінің мүмкіндігі жоғарырақ. Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×