«Копенгаген» - «Қайрат» арасындағы теке-тірестің фавориті кім? Қазақстан чемпионының мүмкіндігі мен басты артықшылығы қандай? Мамандар болжамын берді

24.11.2025, 15:19

Ресейлік «Soccer365» сайты ЧЛ жалпы кезеңіндегі 5-тур аясында болатын «Копенгаген» - «Қайрат» кездесуіне тоқталып, болжам жасады.

«Копенгаген» - «Қайрат» арасындағы теке-тірестің фавориті кім? Қазақстан чемпионының мүмкіндігі мен басты артықшылығы қандай? Мамандар болжамын берді
"Қайрат" - "Пафос" кездесуі

Айта кетейік, даниялық команда мен алматылық клуб арасындағы бәсеке 26-қарашада өтеді.   

«Қайрат» әдетте сырт алаңда сақ қимылдайды және көп уақытын қорғаныста өткізеді. Команда терезесі тең өнер көрсете алады, бірақ, қарсыластың деңгейі жоғары әрі бүкіл ойын бойы қысым көрсеткен жағдайда, қазақстандықтарға өте ауыр тиеді, әсіресе ойынның қарқынына 90 минут бойы шыдау оңай соқпайды. «Копенгагенге» сырт алаңда гол салу максималды міндет және бұл өте сирек болатын оқиға. Ойын бойынша айтсақ мынадай жағдай: «Копенгаген» допты бақылап, көп иелік етеді әрі ақырындап қарқын қоса түседі. «Қайрат» қарымта шабуылдардан гол салуға тырысады, алайда, нақты мүмкіндік болмай қалуы да ықтимал», - делінген сайттың материалында.  

«Копенгаген» мен «Қайрат» 4 турдан кейін бір ұпаймен қатар орналасқан – даниялықтар 33-ші, алматылық команда 34-орынға жайғасуда.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×