“Копенгаген” – “Қайрат” матчына билет қанша тұрады?

19.11.2025, 17:32

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясындағы сырт алаңдағы матчқа билеттер сатылымға шықты, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Копенгаген” – “Қайрат” матчына билет қанша тұрады?

sportarena.kz сайтының мәліметінше билет құны бірдей, барлығы үшін бір бағамен ұсынылады.

"Қайраттың” жанкүйерлеріне Копенгагендегі "Parken Stadium" аренасынан арнайы сектор бөлінген.

Матч билеттері тұрақты, өзгермейтін бағамен ұсынылады – 27 000 теңге.

УЕФА талаптарына сәйкес, қонақ команда жанкүйерлеріне арналған сектор бөлек қарастырылады. Бұл қауіпсіздік, ұйымдастыру және жанкүйерлерді жүйелі орналастыру үшін қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×